Қазақстанда министрліктердің мемлекеттік сатып алу байқауларының жеңімпаздары кей кездері сол мекемелердің лауазымды тұлғаларына тиесілі коммерциялық ұйымдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жақын туыстарына формалды негізде басқаруға беру арқылы мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі коммерциялық ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысқаны жөнінде жанжалдардың болғаны анықталды. Мысалы, министрліктердің және/немесе олардың ведомстволарының мемлекеттік сатып алу байқауларының жеңімпаздары сол мекемелердің лауазымды тұлғаларына тиесілі коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ олардың туыстары болған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Бұл мәселелер 2015 жылы 14 сәуірде агенттік басшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткен ведомство алқасының бірінші отырысында талқыланды, отырыс барысында 2015 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды.
Агенттіктің жаңа өкілеттігі шеңберінде өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірге сыбайлас жемқорлық қатеріне талдау жүргізіліп жатыр. Олар мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру және бақылау міндетін атқарушы салаларда анықталды.
Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысының заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құрушы негізгі институционалдық реформаны жариялады, деп мәлімдеді.
"Нәтижелеріне байланысты қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, сондай-ақ патронат тағайындау жүйесін жоюы тиіс кадрларды іріктеу және жылжыту тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызмет моделін жаңғыртуға назар аудару керек. Жобаның негізгі жаңалығы осы теріс әлеуметтік құбылыстың себептері мен жағдайларын анықтау мен жоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң болуы тиіс", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қайрат Қожамжаров мамандар потенциалын іске асырудағы ең маңызды факторлардың біреуі мемлекеттік қызметкерлерді дайындау сапасы мен біліктілігін арттыру екенін атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz