Атырау, 18 желтоқсан 21:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Дастарханның төресі – «оливье»

4 206 просмотра

Жаңа жылға дейін мүлдем аз уақыт қалды. Егер алғыр бәйбішелер қала базарларынан азық-түлік қорларын жинап алған болса, жұмыстан қолдары босамайтын тұрғындар алдағы мерекелерде тамақтарды супермаркеттерден сатып алуларына тура келеді. Біз екі ірі «Идеал» мен «Атаба» желілерінің менеджерлерінен жаңа жыл алдындағы саттықтардың ерекшеліктері туралы айтып берулерін өтіндік.

Атыраулықтардың жаңа жылдағы қалаулары әдеттегідей. «Идеал-Маркет» ЖШС бөлшек сауда және маркетинг бөлімінің бастығы Сергей ГУТОРОВТЫҢ айтуынша, бұл күндері ең көп сатылатын тауар – аққайнар. Атап айтқанда, «Советское» мен анағұрлым қымбатырақ түрі «Аsti-Martini». С.Гуторов жаңа жылда көп сатылатын көшбасшы деген 15 азық-түлік пен тауарлардан тұратын тізімдерді атады: 1) Аққайнар, 2) Апельсиндер мен мандариндер, 3) Жұмыртқа, 4) Майонез, 5) Жас бұршақ, 6) Қалбырдағы жүгері, 7) Майшабақ, 8) Қызылша, 9) Торттар, 10) Кока Кола, 11) Алма шырындары, 12) Тәттілер, 13) Ыдыс-аяқтар (сыйлық жиынтықтары), 14) Арақ, 15) Майлықтар.

Азық-түліктердің ішінде ең сүйікті «оливье» мен «селедка под шубой» деп аталатын салаттардың құрамдары бар. Әрине, бала кезімізде мандариндердің иісі жаңа жылдық мерекелермен ғана астасып жататын.

С.Гуторовтың айтуынша, жаңа жыл алдындағы қарбалас әдетте 10 желтоқсанда басталады, сол кезде алдағы корпоративтік кештер үшін азық-түліктер сатып алынады. Ал халық 25-ші желтоқсанда қозғала бастайды, алайда сауданың қызған шағы 27-31 желтоқсанда сағат 20.00-21.00 аралығында болады. Бұл күндері саттықтан түскен түсім 2 есеге көбейеді. Желілерде бұл күндері «Қызыл режим» енгізіледі. Клиенттерге қызмет көрсетуге әдетте сатып алушылар үшін көзге көрінбейтін тауар ораушылар, жүкшілер, қауіпсіздік қызметкерлері және т.б. жұмылдырылады. Қарбалас кездерде барлық кассалар жұмыс істейді, ал дүкендер жұмыс кестесін – таңертеңгі 9-дан түнгі 1-ге дейін ауыстырады. Тарату орталығы тәулік бойына жұмыс істейді. Азық-түліктер түнделетіп әкелінеді, ыстық нан және басқа жеңсік тағамдар сату секілді қосымша қызметтер енгізіледі. Коммерциялық бөлімнің міндеті – күніне бірнеше рет азық-түліктер қорын қайта тексеріп, азайып жатса қосымша партияларға тапсырыс беру.

«Атаба» компаниясы тобының маркетинг бөлімінің бастығы Ұлан ИМАНҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында супермаркет желілерінде мереке үшін қажетті тауарлардың: майонездің, майдың, шоколад кәмпиттердің, ет және қалбырдағы өнімдердің, сондай-ақ, жемістердің түрлері көбейген. Қаланың түрлі аудандарындағы 16 маркеттің 10-ы тәулік бойына жұмыс істейді, ал қалғандары жұмыс уақытын түн жарымына дейін ұзартып алған. Авангардтағы 3-ші мөлтек ауданның гипермаркетінде кассаға өтетін жердің кеңейтілгенін байқадым, ол үшін шоколадтар мен сағыздар орнатылған сөрелер алынып тасталған. Ұ.Иманқұлов түсіндіргендей, бұл сатып алушыларға қолайлы болу үшін жасалғандығын түсіндірді. Менің есіме өткен жылы 31-желтоқсан күнгі кеш түсті. Бұл жер тар болғандықтан, ығы-жығы боп кеткен болатын. Ендеше сіздерді супермаркеттер күтеді. Мерекені жақсы өткізіңіздер!

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретке түсірген В.Истомин

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.