Атырау, 22 желтоқсан 19:25
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шырша құны қанша тұрады?

10 485 просмотра

Атырау қаласында шыршалар саудасын желтоқсан айының алдында-ақ бастап кеткен болатын. Бірақ, әуелі ол кезде тек жасанды шыршалар ғана сатылымға шыға бастады. Олардың алды биіктігіне қарай бір метрге де жетпейтіні 2000-3000 теңгеден тұрса, әрі қарай 7000-8000 теңге, 12000-25000 теңгеге дейін барып отырды.

Әрине, жасанды шыршаның бір тиміділігі – оны жыл сайын пайдалануға болады. Үнемді. Десек те, жаңа жылдың иісін шығарып тұратын табиғи шыршаларға не жетсін?

Мамандар табиғи шыршалар жылы жерде тұрғанның өзінде тек бір айдан кейін ғана инелері түсе бастайды дейді. Табиғи шыршаларды өсіру де оңай емес. Шырша «пісу» үшін кемінде 7-10 жыл уақыт керек екен.

Шыршаларды шабуға Қазақстанда тыйым салынғандықтан бізге оларды Қырғызстан мен Ресей елінен әкеледі. Мәселен, Атырау қаласында біз байқағанымыздай, биыл шыршалар Ресейдің Саратов, Самара, Орынбор қалаларынан әкелініп сатылуда. Онда да екі метрден биіктеу келген қарағайлар ғана. Оларды сатушылардың бірі бізге Ресейде де шыршалардың өзін көрмегенімізге он жыл болды, оны шапсақ қылмыс болып саналады деп қалды. Ал Самара облысының Сызрань қаласынан келіп қарағайлар сатқан Василий  МАРДОВИН болса, Ресейде мәңгі жасыл ағаштарды олар арнайы орман шаруашылықтарының қожалары баптап отырғызған тәлімбақтардан шауып сатып отырады және ол үшін алдын-ала рұқсат алады деп отыр. Виктордың айтуынша, биылғы жылы Атырау қаласына Ресейдің бірнеше қаласынан сатылымға әкелінген шыршалар өте көп. Желтоқсан айының ортасынан қаланың әр жерінде сатылымға шығарыла бастаған екі метрден сәл биіктеу шыршалар, яғни қарағайлар бағасы 2500 теңгеден сатылды. Ең бірінші болып бастаған да сол желтоқсанның 18-і күні Ресейдің Самара облысы, Сызрань қаласынан келген саудагерлер секілді. Сол күні Виктор желтоқсанның 25-інен бастап шыршалар бағасы 4000-5000 теңгеге дейін баратынын айтып еді. Алайда, біз олардың бағасының кейін жоғарылап кеткенін көрмедік. «Рахат» базарында да, «Дина» базарында да олар 2000-2500 теңгеден тұрды. Тіпті «Дина» базарында 1500 теңгеге дейін де сатылып жатты. Ал бастапқыда шыршаларды «Рахат» базарында әуелі 3500 теңгеге дейін апарып еді. Кейін шыршалар қаламызға жан-жақтан көптеп әкелінген соң, бір елден келген бәсекелестер бағаны түсіріп жіберуді шешкенге ұқсайды.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген Сәния Тойкен

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.