Атырау, 26 қараша 23:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2017 жылдан бастап зейнетақы адамның еңбек өтіліне байланысты белгіленеді – вице-министр

2 191 просмотра

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап негізгі базалық зейнетақы адамның еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 Жалпы, С.Жақыпованың айтуынша, елімізде әлеуметтің модернизациялау барлық бағыт бойынша ауқымды түрде жүзеге асырылып жатыр. «Алдымен, халықты зейнетақы жүйесімен қамту бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталайын. Бұл бағытта модернизациялау жұмысы 2013 жылы басталған болатын.

«Зейнетақы жүйесін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі 2014 жылы аяқталды. Бұл кезеңде біз ауыр және денсаулыққа зиянды жұмыс істейтін адамдар үшін басшылық міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу деген ережені енгіздік», - дейді ол.

Вице-министр атап өткендей, осы бағыттағы ендігі жұмыстардың жалғасы ретінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне тағы өзгеріс енгізіледі.

«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап негізі базалық зейнетақы адамның еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Яғни, адам кемінде 10 жыл жұмыс істеген болса, зейнетақы бір ең төменгі күнкөріс деңшейінің 50% көлемінде белгіленеді. Одан кейінгі әр он жылға 2%-дан қосылып отырады. Яғни, қызметкер 20 жыл жұмыс істесе, базалық зейнетақы көлемі бір ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды»,-деп түсіндірді вице-министр.

Дереккөз: bnews.kz

5 наурыз 2015, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.