Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы лингвистикалық комиссиясы ҚР президенті сайлауына өзін ұсынған бірінші адам Асқар Сырғабаевтан мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне емтихан қабылдауды бастады деп хабарлайды ОСК-тен агенттік тілшісі.
Сырғабаевтың шығармасының тақырыбы «Әлемдік дағдарыс және Қазақстан экономикасы» болып отыр.
Комиссияның құрамына Құлтас Құрманбай, Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жолдасбеков, Фаузия Оразбаева, Дихан Қамзабекұлы және Ләззат Сүлеймен кірген.
26 ақпанда Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну басталған болатын.
Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков хабарлағандай, мемлекеттік тілді толық меңгеру деңгейін анықтау үшін кандидаттар жазбаша емтихан тапсырады, атап айтқанда комиссия ұсынған тақырыпқа шығарма жазады. Содан кейін кандидат қазақ әдебиетінен 3 беттен көп емес көлемде мәтін оқып беруі тиіс, сондай-ақ комиссия берген тақырыпта жұрт алдында баяндама жасауы тиіс.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.