Атырау, 26 қараша 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушыға сот 2,5 млн теңгені қайтаруды міндеттеді

2 030 просмотра

Фото: kazpravda.kzФото: kazpravda.kzҚарағанды. 5 наурыз. ҚазТАГ - Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушыға сот 2,5 млн теңгені қайтаруды міндеттеді, деп хабарлады Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі.

«Ақтоғай аудандық соты «Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры» АҚ Е.А. (...) азаматынан бюджеттік несиені қайтарып алу туралы шағымы бойынша істі қарады. Ақтоғай ауданы сотының шешімімен «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» МБ шағымы қанағаттандырылып, жауап берушіден 2 384 410 теңге және жас маман үшін берілетін көтерме жәрдемақы 129 640 теңге қайтарылып алынды.

Келісім бойынша жауап беруші ауылда белгілі бір мерзім жұмыс істеу керек болатын, алайда ол өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Шешім заңды күшіне енді.

Дереккөз: ҚазТАГ 

5 наурыз 2015, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.