Атырау, 26 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда әйел затын қорлап және тіл тигізгені үшін 3 тәулікке қамауға алу қарастырылған

3 072 просмотра

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстанда әйел затын қорлап және тіл тигізгені үшін 3 тәулікке қамауға алу қарастырылған.

«Әкімшілік кодексте отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңсыздықтарға қатысты 73 бап қалдырылды. Онда былапыт сөйлеу, әдепсіздік көрсету, қорлау, үй тұрмыстық затымен зақым келтіру және тағы басқа отбасылық тұрмыстық жағдайда құқықбұзушылық әрекеттер бүгінде баяғыша есептеледі және ескерту түрінде 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған», - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика жә не арнайы есептеулер жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтбаева бейсенбідегі брифингте.

Ол еске салып өткендей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік кодекс қолданысқа енгізілді.

«Сонымен, осы заңнамалардың бір жаңалығы адамды ұрып-соғу бұрын әкімшілік қылмыс болса, енді ол қылмысқа жатады. Бүгінде ұрып соғу немесе тәнін жаралау сынды қорлау әрекеттері үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе түзету жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тартылады, я болмаса 45 тәулікке дейін қамауға алынады», - деп атап өтті С. Айтпаева. 

Дереккөз: ҚазТАГ

5 наурыз 2015, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.