Фото: france.zhdanova.orgАстана. 4 наурыз. ҚазТАГ - Францияның кассациалық соты «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әбләзовтың аппелляциясын кері қайтарды: экстрадициялау туралы шешім шешуші деп танылды, деп хабарлады ТАСС.
«Әбләзов мырзаның өтініші қайтарылды. Осылайша, 2014 жылдың 24 қазанында қабылданған экстрадициялау туралы шешім шешуші болып табылады», - деді сот төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, М.Әбләзов 2013 жылы шілдеде Францияда ұсталды, экс-банкир қамауға алынған, Қазақстанның Франциямен экстрадициялау туралы келісімі болмағандықтан оны Ресей мен Украина өздеріне алуға ұмтылуда.
2014 жылы қаңтарда Экс-ан-Прованс аппеляциялық соты банкирді экстрадициялауды қолдады, алайда сәуірде кассациялық сот бұл шешімді жоққа шығарды.
Іс Лионның аппеляциялық сотында қайта қаралып, банкирді экстрадициялау заңды деп табылды және бұл ретте Ресей өтініші басымдылық берілді.
Экс-банкирге бірқатар құқықбұзушылықтар тағылған, оның ішінде алаяқтық, жалған құжаттары жасау, қызметін асыра пайдалану да бар.
Бастапқыда Ресей $5 млрд көлемінде қаржылай алаяқтық жасады деген айып тақты, кейін Украинаның құқық қорғау органы бизнесменге $400 млн сомасында заңсыз операциялар жүргізді деген айып тақты.
Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылы 24 қазанда Лионның аппеляциялық соты БТА экс-басшысын Ресей мен Украинаға экстрадициялауды заңды деп тапты. Бұл ретте Ресей өтініші басымдықпен қаралды.
Қазақстанда Мұхтар Әбләзовға «БТА Банкі» АҚ-ның 5 млрд АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген айыптар тағылуда.
Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.К. Әбләзовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланған.
Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.К. Әбләзовқа іздеу жариялады. Сондай-ақ, М. Әбләзовтың және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулерінің нысаны болып табылады. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдары М.К. Әбләзовтың үлестес компанияларының қызметтерінде тексерістер жүргізуде.
2013 жылдың 2 тамызында Қазақстанның бас прокуратурасы Францияға М. Әбләзовты экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Сондай-ақ, экстрадиция туралы өтінішін Ресейге де жолдаған.
2014 жылғы 9 қаңтарда француздық сот Украина мен Ресейдің экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл ретте француздар М. Әбләзовты Ресейге беруді басым деп шешті.
М.Әбләзов Франция түрмесінде аппеляциялық соттың оны экстрадициялау туралы шешіміне кассациялық шағымды қарастырғанша отырды.
Дереккөз: ҚазТАГ