Атырау, 26 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Президенті сайлауына ҚКХП атынан үміткер таңдалды

1 637 просмотра

Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде президенттікке үміткер болуға кандидатура таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Владислав Косаревтің хабарлауынша, Ақмола облысынан Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың кандидатурасы ұсынылды.

"ҚР Президенті болуға Тұрғын Сыздықовты кандидат ретінде ұсыну туралы ұсыныс келтіргім келеді. Ол 1947 жылы туған, 1974 жылы Мәскеудегі Жоғары комсомол мектебін бітірген, Целиноград ауыл шаруашылығы институтының түлегі. Ол Ленинград ауданы әкімшілігінің басшысы болды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Соңғы кездері облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі болды. Мен жолдас Сыздықовты коммунистік партия қатарындағы адам ретінде білемін", - деді Косарев. 

Коммунистер өңірлік филиалдардан тағы екі кандидатураны ұсынды, бірақ олар өздері бас тартқан. Сөйтіп, съезд қатысушылары Тұрғын Сыздықовтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. 

Еске салайық, 26 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді ұсыну басталған болатын. ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленіп отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау науқаны барысында бес талапкер ұсынылып отыр, оның біреуі - әйел адам.

"2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабаев арыз берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов және Сухраб Әминжанұлы Мырзашов ұсынды", - делінген ОСК таратқан хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 наурыз 2015, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.