Германияда темекі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық екі елші Қазақстан билігіне берілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Бір ай бұрын олар бізге жолданды. Ал біз өткен жылы оларға есірткі үшін сотталған Германия азаматшасын жібердік", - деді сәрсенбі, 4 наурыз күні агенттікке ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.
2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы Ахат Алпысбаев пен оның қызметкері Қайрат Адыров Германияда темекі контрабандасымен айналысты деген күдікпен тұтқындалған болатын.
2014 жылдың сәуір айында екі елші де екі жыл және сегіз айға сотталды. Ал шілде айында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов СІМ бұл азаматтарды елге экстрадициялауға тырысатынын мәлімдеді.
Дереккөз: Tengrinews.kz