Атырау, 26 қараша 23:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Президенттігіне үміткер болуға бір әйел адам ниет білдірді

2 171 просмотра

Қазақстанда Президент сайлауы додасына түсуге үшеуден аз емес адам ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа сілтеме жасап.

"Қазірдің өзінде ниет білдірушілер бар, бірнеше адам - 3-4 адам бар. Олар әзірше - өзін-өзі ұсынушылар", - деді Сәрсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының үзілісінде.

"Олардың арасында бір әйел адам бар, қалғаны - ерлер", - деді ОСК мүшесі, ол бұл адамдардың әзірше кандидаттыққа ұсынылушылар ғана екенін нақтылап айтты.

Айта кету керек, президенттікке кандидат болуға ниеттілер өзі мен жұбайы үшін салық декларациясын тапсыруы тиіс. Кейін олар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тексерілетін лингвистикалық комиссиядан өтеді. Бұдан соң қол жинау парағын алады. Мұндай парақтарға еліміздің кемінде тоғыз облысында және Астана, Алматы қалаларында қол қойылған болуы қажет. Қол қойғандардың саны сайлаушылардың 1 пайызы деңгейінде, яғни 93 мың 12 адам болуы міндетті. Жиналған қолдардың растығы тексерілгеннен кейін ОСК кандидатты тіркеуді қолға алады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 наурыз 2015, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.