«Аталған құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді. Бұл санатта еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген бірақ визаның немесе рұқсатының мерзімі өтіп кеткен кейін сонда қалған адамдар да қамтылады. Бұл ретте Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары реадмиссия үшін шекарасын кесіп өту пункті болып белгіленді», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусь елінің ішкі істер министрліктері осы келісімді іске асыратын құзыретті органы болып табылады. Сонымен қатар келісімді қабылдау заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік беріп, мемлекеттердің аумағында заңсыз жүрген адамдарды халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауды, сондай-ақ олардың транзитін жеңілдетеді.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.
Дереккөз: ҚазАқпарат