Атырау, 26 қараша 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Агенттік төрағасының экс-орынбасарына 60 млн теңге айыппұл салынды

2 073 просмотра

Сейсенбі күні Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары А.С.Тұматаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz.

Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпарға сүйенсек, А.Тұматаев «Дан-Строй» АҚ-ның өкілінен бірнеше рет ақшалай пара алғаны үшін, соның ішінде Астана қаласындағы «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» спорт кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қойғаны үшін айыпталды.

Сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы соттан 1 миллион теңге көлемінде пара алу бөлігі бойынша А.С.Тұматаевтың іс-әрекеттерін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген ҚР ҚК-нің жаңа редакциясының 366 бабының 2-бөлігіне қайта саралауды және оған айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы дәлелдің жоқтығынан А.С.Тұматаевқа алдын-ала тергеу органдарымен жүктелген пара алудың басқа бөліктері бойынша айыптаудан бас тартты.

Сот үкімімен А.Тұматаев 1 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366 бабының 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл мерзімге мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі-бір лауазымды атқару құқығынан айырып, жеке өзіне тиесілі мүлкін тәркілей отырып, алынған параның алпыс еселенген сомма көлемінде, яғни 60 миллион теңгені құрайтын айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Дереккөз: bnews.kz

 

4 наурыз 2015, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.