Атырау, 26 қараша 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кеңес Ракишев Қазкоммербанктің ірі акционері болды

3 507 просмотра

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzКеңес Ракишев БТА акцияларының қалған пакетін Казкомға сатты және екі банктің бірігу үдерісінің аясында Казкомның ірі акционеріне айналды, деп хабарлады Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі.

"Қазком Кеңес Ракишев мырзадан бір акция үшін 0,24162 теңге бағасы бойынша БТА Банктің 304 187 299 781 жай акциясын сатып алды. Осының нәтижесінде Казкомның БТА Банктегі үлесі 47,415%-дан 94,83%-ға өсті. «Самұрық-Қазына» Қорынан сенімгерлік басқаруға алынған акцияларды (4,26%) есепке алатын болсақ, Казком БТА Банктің 99,09% жай акциясымен дауыс беру мүмкіндігіне ие болды", - деп атап көрсетілген баспасөз баянда.

Сонымен қатар, осыған дейін жарияланған ҚКБ жай акцияларын орналастыру шарасының аясында Кеңес Ракишев мырза бір акция үшін 575,2 теңге бағасы бойынша Казкомның 127 777 704 жай акциясын сатып алды және қажетті реттеуші рұқсаттарды ала отырып, Казкомның жаңа ірі акционері атанды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

3 наурыз 2015, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.