Қызылшаға қарсы қосымша иммундауды тоқтата тұру мерзімі 4 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы вакцина сапасының сараптама нәтижелерін алып, иммундаудан кейінгі қолайсыздықтың туындау себептері зерделегенше және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қорытындысын алғанға дейін, яғни 4 мамырға дейін иммундау науқаны тоқтатылды», - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 19 ақпанында елімізде 15-19 жастағы тұрғындарды қызылшаға қарсы қосымша иммундаудан кейін қолайсыз белгілердің (ИКҚБ) тіркелуіне байланысты иммундау уақытша тоқтатылған болатын.
Сараптама нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Дереккөз: bnews.kz
3 наурыз 2015, 09:37
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.