Атырау, 26 қараша 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Нұр Отан» партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы Kaharman.kz жаңа веб-ресурсын іске қосты

6 632 просмотра

1 наурызда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Ұлты Отан соғысының Жеңісі туралы Kaharman.kz. жаңа веб-ресурсы таныстырылды. Сайтта бірегей мұрағаттық құжаттар, майдандық оқиғалар, соғыс жылдарының музыкалық композициялар Ұлы Отан соғысына қатысушылар атынан твиттерлер және басқалары жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Сайт мақсаты – қолжетімді, қызық, танымдық үлгіде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы Жеңісіне қосқан үлесі туралы мәліметтерді жұртқа жеткізу. Батырлар туралы бұрын-соңды әр жерде болған кейбірі ескірген, қайсыбірі жоғалған ақпараттарды, мәліметтерді бір жерге жинақтау. Жұрт көп біле бермейтін, бірақ соғыстың аяқталуына ықпал еткен деректерді табу» - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Тұңғыш рет Қазақстанда «kaharman.kz» сайты үшін Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық-батырлар туралы барлық мәліметтерді жинастыру, өңдеу мен қорыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Сайт үшін ақпараттар тек қана архивтік құжаттардан ғана емес, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушыларының туған-туысқандары мен жақындарының куаландырылған әңгімесімен расталған. Жинақтау мен соғыс туралы деректерді тұрақты жаңартып отыру «Нұр Отан» партиясының аймақтық және өңірлік филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

«Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сайтта батырлардың туған жері мен тұрған жеріне геолакациялық жалғау жұмыс істейді. Республиканың әр азаматы Ұлы Отан соғысындағы батыр жерлестерінің атын он-лайн режимінде кез келген заманауи мобильдік құрылғыдан біле алады, сонымен бірге тұратын жеріндегі Ұлы жеңіске арналған іс-шара туралы телефонға мәліметтер алу мүмкіндігі пайда болды.

Сайттағы «Соғыс дауысы» айдарында майдандық хаттар мен кейбір соғыс батырларының тірі дауыстары бар. Олардың күнделіктерінің негізінде батырлардың атынан твит-блогтар жүргізілуде. Көбісі – жаңадан табылған. Сондай-ақ, «Kaharman.kz» сайтына «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Жеңістің 70 жылдығына орайластырған бейнероликтер орналастырылған.

«Сайтта бірегей ақпарат орналастырылды. Мысалы, деректер: 10 советтік оқтың – 9- ның Қазақстанда жасалған, қазақстандық – Совет Одағы батырларының саны 20, немесе 200 емес, 500 –ден асады. Гитлердің бункеріне телефон желісін тартып, гитлерлік штаб ақырының бірінші куәгері болған қазақстандық-байланысшы жайлы, бірінші болып рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы біле аласыздар. Мұрағаттармен жұмыс істеу үдерісінде ең жоғары марапатқа ұсынылған қазақстандықтардың әлдеқайда көп болғаны анықталды. Мысалы, Совет Одағы батыры атағына төбені қорғауда Мәншүк Мәметовамен бірге қаза тапқан Ыбырай Сүлейменов те ұсынылыпты. Ұлы Отан соғысының ең үздік мергені 397 жаудың көзін жойған Төлеғали Әбдібеков те Совет Одағы батыры атағына ұсынылған. Ол Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендерімен марапатталған», - деп атап өтті «kaharman.kz» сайтының құрастырушылары.

Қазақстандық Совет Одағы батырлары мен «Даңқ» Орденінің толық кавлерлері «Kaharman.kz» сайтының негізгі өзегі болып табылады. 2014 жылы партия ардагерлер кеңесі және генералдар кеңесімен бірге қазақстандық Совет Одағы батырлары мен «Даңқ» ордені толық кавалерлерінің есімін есте қалдыру туралы мәселені көтерген болатын. Аталған жұмыс шеңберінде Совет Одағы батырлары мен Даңқ Ордені толық кавалерлерінің базасын қалыптастыру бойынша ауқымды деректану мен мұрағаттық жұмыс жасалды. Партия филиалдарының базасында құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, музей мен мұрағат қызметкерлері енген арнайы жұмысшы тобы құрылды. Оған партиялық еріктілер тобы, сондай-ақ, тарихи пәндердің оқытушылары мен жалпыға ортақ мектептегі тарих пәнінің оқытушылары тартылды.

Нәтижесінде 524 Совет Одағы батырларының және 124 Даңқ ордені толық кавелерлерінің мәліметтері қалпына келтірілді. Әр қайсысына «жеке іс» ашылды.

Даңк ордені кавалерлері туралы мәлімет жинау – нақты партияның бастамасы екенін айта кеткен абзал. Аталған категория бойынша мәліметтер бұрын болған емес. Өз дәрежесіне сәйкес Орден кавалерін Совет Одағы Батырына теңестіруге болады, (салыстыру үшін айтсақ, соғыс барысында 11500 Совет Одағы Батыры болса, тек 2500 ғана Даңқ ордені толық кавалерлері бар). Даңқ Орденімен Қызыл Армияның қатардағы және сержанттық топтағы тұлғалары, авиацияда ұрыс алаңында ерлік көрсеткен кіші лейтенат атағын алғандар марапатталады.

Келешекте сайттағы ақпараттарды толықтыру үшін «Нұр Отан» партиясы ҚР Қорғаныс министрлігімен бірге жұмыс жасап, замандастарымыздың батырлығы туралы материалдарды орналастыруды жоспарлауда.

Дереккөз: bnews.kz

2 наурыз 2015, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.