Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша наурыз айында 1357 әлеуметтiк жалдамалы пәтер тапсырылады. Бұл туралы бүгiн «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ жанындағы қоғамдық кеңестiң алғашқы отырысында ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiнде жыл соңына дейiн жалдамалы үйлердi салу бойынша жоспар әзiрлендi. Наурыз айында Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау және Семей қалаларында жалпы аумағы 76,5 мың болатын 1357 пәтердi тапсырамыз», - дедi Б. Сағынтаев.
Оның атап өтуiнше, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 29 мың пәтер салып, оларды құрылыс компанияларынан сатып алу жоспарланып отыр. Олардың 60 пайызға жуығы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында тапсырылады, ал 40 пайызы облыс орталықтары, моноқалаларда және тiрек елдi мекендерiнде салынады.
«Қазiргi уақытта коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана кезегiнде 300 мыңнан астам тұр, олардың 130 мыңнан астамы әлеуметтiк әлжуаз халық, 124 мыңы бюджеттiк, мемлекеттiк қызметшiлер, 43 мыңы жетiм балалар», - деп қосты Б.Сағынтаев.
Дереккөз: bnews.kz