Фото: forbes.kzАлматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Вена прокуратурасының прокуроры Нина Буссек Аустриядағы ҚР экс-елшісі Р. Әлиевтің қан құрамында есірткі барлығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Ол онша ондай емес (Р. Әлиевтің қан құрамында есірткілік заттардың барлығы – ҚазТАГ). Тек алдын ала тексеру болды, сарапшылардың ақтық қорытындысы емес. Бізде қорытынды есеп жоқ, сарапшылар тексеруді аяқтаған жоқ, біз ақтық қорытындыны күтіп отырмыз. Ол бірнеше күнен кейін белгілі болады», - деді Н.Буссек КазТАГ агенттігіне жұма күні.
БАҚ-тар хабарлағандай, Р. Әлиевтің қан құрамында есірткілік заттар анықталды, болжам бойынша барбитураттар.
Еске салсақ, Р. Әлиев 24 ақпанда суицид жасап, австриялық түрмеде өлі күйінде табылды.
Аустриялық Kurier газеті Р. Әлиев түрмеде асылып өлгенін хабарлады. Ол бірнеше апта бұрын өзінің қалауымен үш орындық камерадан бір орындық камераға ауыстырылған.
Хабарда айтылғандай, оның дәретханасы мен душынан басқа, камерасы үнемі тексеріліп тұрған екен. Түрме жүйесінде оған «жасыл» деген мәртебе берілген, яғни ол жеткілікті дәрежеде сабырлы және камерада қосымша бақылаусыз бола алады дегенді білдіреді. Газеттің хабарлауынша, Р. Әлиев киім ілгішке байлаған дәке бинтіне асылып өліпті.
Кейін Аустрия әділет министрлігі Йозефштадт түрмесінде Р. Әлиевтің суцид дерегін растады. Қазір Аустрияның құқық қорғау органдары оқиға себептерін тексеруде.
Өз кезегінде қазақстандық құқық қорғау органдары, егер аустриялық тарап келіссе, Рахат Әлиевтің қазасы туралы істі бірлесе тексеруді ұсынды
Қазақстан Республикасының Венадағы елшілігі аустриялық құзыретті органдар мен Р.М. Әлиевтің (Шораз) адвокаттарын мұндай жағдайда жүзеге асырылуы қажет консулдық әрекеттерді орындауға дайын екендігін хабарлады және аустриялық билікпен тұрақты байланыста.
Қазіргі сәтке марқұмның туыстары, атап айтқанда оны жесірі Эльнара Шоразова қандай да көмек сұрап ҚР елшілігіне жүгінген жоқ.
Дереккөз: ҚазТАГ