Атырау, 26 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғызстан ІІМ ҚР Мәдениет және спорт министрінен кешірім сұрады

2 902 просмотра

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қырғызстанда өзіне қатысты болған түсінбестік жөнінде көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктің фотосуреті беймәлім себеппен Қырғызстанның ішкі істер қызметкерлерінің қолынан бір-ақ шықты - олар қазақстандық министрдің суретін қылмыстық топ жетекшісін өлтіруі мүмкін адамдардың бірі ретінде көрсетті. 

"Менің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасым жоқ, ешқашан бизнеспен айналысқан емеспін. Бұлай болғанына өзім де таңғалдым. Ақпарат құралдарынан білдім. Қызық жайт. Қырғызстанда ағайындарым да, туыстарым да жоқ. Бұл елде бір рет Үкіметтің тапсырмасымен болдым - Алмазбек Атамбаевқа Елбасының құттықтауын табыс еттім. Бұл кездейсоқтық пен түсінбестік шығар. Шынымды айтсам, мұндай жағдай менің басымда бірінші рет болып тұр. Болған жайтқа байланысты сотқа шағымданғалы отырған жоқпын, себебі Қырғызстан ІІМ менен кешірім сұрады, олар маған жазбаша кешірім де жолдағалы отыр, - деді Мәдениет және спорт министрі Тengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.

Еске сала кетейік, бұл туралы Қырғызстанның ақпарат құралдары хабарлаған еді. Ішкі істер қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының фотосуретін ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевті өлтіруге күдіктілерді көрсетуге қолданды. Кейін Қырғызстан ішкі істер министрлігі түсінбестік болғанын мәлімдеді. 

Олардың түсіндіруінше, қылмысқа қатысы бар адамдарды тану рәсімі үшін фотосуреттер Интернеттен алынған. Олардың арасына Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің фотосуреті де кездейсоқ тап болған.

"Анапияевтің өліміне куә болған адам іске Қырғыз Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі экс-басшысы Жаныш Бакиевтің қатысы барын айтқандықтан, жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасы экс-президентінің ағасына ұқсас адамдардың фотосуреттерін көрсеткен болатын", - деп түсіндірді Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері. Мұның алдында Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевтің Минскіде 20 ақпан күні өлтірілгенін хабарлады. Анапияев асқан айуандықпен өлтірілген - кескіленген пышақ жарақатынан оның денесінің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнын қарау кезінде мәйіттің маңынан Алмазбек Шәкіровтің атына берілген Ресей төлқұжаты табылды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

27 ақпан 2015, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.