Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады, деп хабарлады ОСК-да өткен брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назараев сәрсенбіде кезектен тыс президенттік сайлауды 26 сәуірге тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
"Президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді ОСК басшысы.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.