Атырау, 26 қараша 21:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Депутаттар жалақыларын қысқартуға жаппай қарсы шықты

1 931 просмотра

Депутаттардың жалақысын қысқартқаннан бюджет байып кетпейді. Бүгін мәжілісмендер ресейлік әріптестерінің бастамасын қолдағысы келмей, осылай деп қарсылық білдірді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бұған дейін Дума депутаттары қазына қаржысын үнемдеу үшін айлықтарын қысқартуды ұсынған болатын. Халық қалаулыларының айтуынша, Ресей депутаттары айына 3 миллион теңге, ал біздің мәжілісмендер жарты миллион теңгеге жуық жалақы алады.

Яғни, екі елдің парламентін салыстыруға келмейді екен. Оның үстіне жалақыдан үнемделетін 1-2 миллиард теңге мемлекеттің жыртығына жамау болмайды деп депутаттар.

Бүгін екі жылдық бюджетке тиімсіз шығындарды қысқарту туралы өзгеріс енгізіп, құжатты қабылдаған мәжілісмендер өздерінің жалақысына келгенде осылай жылап қоя берді.

"Депутаттар жалақысыз қалсын дейсіңдер ме? Біздің де отбасымыз бала-шағамыз бар ғой", - дейді депутат Нұрлан Әбдіров.

​Азат Перуашев біздің депутаттарды ресейліктермен салыстыруға болмайтынын айтты.  Олардың жалақысы бірнеше есе көп екен.

Дереккөз: КТК арнасы

26 ақпан 2015, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.