"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ топ-менеджерлерінің жалақысы Ресейдегі ірі компаниялардың басшы қызметкерлерінікінен, алыс шетелден және Қазақстанның жеке секторынан анағұрлым төмен, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
«Топ-менеджменттің жалақысын біздің акционер - директорлар кеңесі анықтайды. Мұнда тәуелсіз директорлардің бүтін бір қатары бар және бұл олардың шешімі. Олар біздің пікірімізді сұрап та жатпайды. Алайда, осындай компаниялармен біз бәсекелесетін нарықта біздің бәсекеге қабілетті болуымыз үшін жалақымыз да бәсекеге қабілетті болуы тиіс екені түсінікті», - деді Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.
«Біздің жалақымыз шын мәнінде бірнеше рет жүргізілген зерттеуге сүйенсек, біздің әріптестерімізден халықаралық нарықта бірнеше есе төмен, Ресейге қатысты айтар болсақ, екі есе төмен. Тіпті компаниялар қатары бойынша біздің жалақымыз Қазақстанның жеке секторынан төмен», -деп атап айтты ол.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.