Арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша наурызда 1300-ден астам пәтер беріледі, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев арендалық тұрғын үй салу мәселелері бойынша кеңестің қорытндылары бойынша үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке әлеуметтік арендалық тұрғын үй салып, сатып алу құқығымен барынша төмен пайыздармен халыққа ұсынуды тапсырған болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға және сатып алуға 250 млрд. теңге жұмсалады, үй салушылардан жалпы ауданы 1 483 мың шаршы метр болатын 29 мың пәтер сатып алу жоспарланған.
"Биылғы жылдың наурыз айында Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында ауданы 76,5 мың шаршы метр болатын алғашқы 1 357 пәтер тапсырылады. Барлығы биылғы жылы 78,7 млрд. теңге сомаға жалпы ауданы 505,3 мың шаршы метр болатын 8 616 пәтер салынып, сатып алынады", - делінген хабарламмада.
Талқылау қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге құрылысты уақытылы аяқтауды және тұрғын үйді кезекте тұрғандарға үлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
бөленген П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін ұсынған еді.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.