Атырау, 26 қараша 21:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Таразда күкірт қышқылы тиелген вагондар жолдан шығып кетті

3 393 просмотра

Таразда вагондар жолдан шығып кетіп, оның салдарынан күкірт қышқылы төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Тараз әкімдігі жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялады. Хабар кезекші бөлімге 19 ақпан күні сағат 17.00 шамасында келіп түсті. Төтенше жағдай Тараздың өнеркәсіптік аймағының аумағында Шайқұрық пен Бурыл станцияларының арасындағы айналма жолда болған. Ведомствоның мәліметінше, жүк пойызының күкірт қышқылы тиелген жеті цистернасы жолдан шығып кеткен.

"№3604 жүк пойызының үш цистернасы бір жағына қарай аударылып кетті. Пойызда барлығы 44 вагон болды (олардың 15-інде күкірт қышқылы бар). Ресейден келе жатқан пойыз Жамбыл станциясынан "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауытына бағыт алған", - деп хабарлады ведомство.

Вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның салдарын жоюға арналған штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілу салдарын жоюмен "Қазфосфат" жұмысшылары айналысып жатыр. Күкірт қышқылы төгілген орын белгіленді. Екі цистерна тұрғызылып, апаттық-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жұмыстарға 30-дан аса адам жұмылдырылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 ақпан 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.