Атырау, 26 қараша 21:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда сәбиді балабақшаға орналастырудың "құны" белгілі болды

2 197 просмотра

"Нұр Отан" партиясында Қазақстан балабақшаларында баланы есепке алу үшін төленетін "ақының" мөлшері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "Балабақшалардағы орынның жетіспеушілігі - жемқорлық үшін берекелі жер. Баланы балабақшаға орналастырудың құны да белгіленіп қойған, ол әр аймаққа қарай 30-дан 100 мың теңгеге дейін. Алматыда жыл сайын балаларды бірінші сыныпқа алу үшін пара беріледі. Мұның құны 20-дан 250 мың теңгеге дейін екені анықталып отыр ", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова "Нұр Отан" партиясының жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепте дейінгі ұйымдарға кезекке қою мемлекеттік қызметін дағдыландыру жетілмегендіктен жемқорлыққа бару қатері ұлғайтып жатыр. "Стандарт үш рет өзгерді. Алайда онда азаматтардың жеңілдікті санаты қарастырылмаған, баланың тіркелімі талап етілмейді, мектепке дейінгі мекемеге баланың нақты қай жаста алынаты да көрсетілмеген", - деді Қазбекова. 

"Мектепке дейінгі ұйымдардың басым бөлігінде маман кадрларының тапшылығы байқалады. Барлық аймақ бойынша мұндай мекемелердегі педагогтардың 40 пайыздан астамының базалық білімі жоқ. Еліміздегі кадр тапшылығы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру мамандарын оқытудың мемлекеттік тапсырысын қарастырмағандықтан пайда болды. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша Алматы, Қарағанды, Семей жоғары оқу орындары ғана мұндай мамандарды дайындап шығарады, бұл - бір жылда барлығы - 60 адам. Астанада бірде-бір білім беру мекемесі мектепке дейінгі білім беретін педагогтарды айтпағанда мұғалімдерді оқытпайды. Бүгін Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені қызметінің ең басына қоюы тиіс", - деді депутат.

Өз кезегінде Астана білім басқармасының басшысы Эльмира Сухамбердиева қалада 156 балабақшаның жұмыс істеп тұрғанын айтты, олардың 81-і - мемлекеттік, 73-і - жекеменшік және екеуі - ведомстволық балабақша. "Қазіргі таңда Астана бойынша балабақша кезегінде 83 мың 590 бала тұр. Күн сайын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 90 бала кезекке тұрады. Күн сайын 60-70 нәресте дүниеге келіп, 20-22 бала өзге аймақтан келеді. Мектепке дейінгі білім беру мәселесімен штаттық бірлігі 3 адамнан тұратын бөлім айналысып жатыр. Бірақ біз сонда да шағымданбаймыз, себебі әр сәрсенбіде 12 адамнан тұратын жұмыс комиссиясы бізде қызмет етеді. Комиссия балаларды балабақшаға орналастыру жөнінде тұрғындарға кеңес береді", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 ақпан 2015, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.