Атырау, 26 қараша 21:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ШҚО шекара заставасының бастығы жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізгені үшін 5 жылға сотталды

1 610 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААстана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Әскери сот үкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің «Туат» шекара заставасының бастығы А.Қуанышпаев қатардағы жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізгені үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлады ҚР әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Қарағанды гарнизоны әскери сотының үкімімен Қуанышпаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451 бабының 2 бөлігіндегі (жаңа кодекс) қылмысты жасағандығы бойынша айыпты деп танылып, осы бап бойынша 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылып, оны жалпы режимдегі түзеу колониясына өтеуге сотталды», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Сот үкімімен Қуанышпаев «лейтенант» әскери атағынан айырылды және одан келтірілген залалдың орнын толтыру және моральдік шығын үшін өтемақы ретінде Наурзгалиетвің өкілі пайдасына 3 млн. теңге өндірді.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің «Туат» шекара заставасына іргелес жатқан аумақта қатардағы жауынгер А.М.Наурзгалиевтің денесі табылу оқиғасы бойынша, осы шекара заставасының бастығы лейтенант А.С.Қуанышпаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1 бабының 2 бөлігіндегі қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 ақпан 2015, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.