Фото: NUR.KZҚазақстан бизнесінің бір бөлігі теңге бағамын әлсіретуді сұрайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, - депхабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бағамға қатысты айтылғанда- Ұлттық банк экономикалық ахуалды ескеріп, өзінің тиісті саясатын жариялаған болатын, ол2015 жылыжүргізіледі. Бизнеске қатысты пікірлер екіге бөлінді, бизнестің бір бөлігі тұрақтылықты қолдайды, енді бір бөлігі теңгені әлсірету үшін бағамға тиісті түзету жүргізуді сұрайды. Бірақ экономиканың теңесуі үшін шындық осының ортасында жатыр. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері тұрақты деңгейде және ешқандай алғышарттар (девальвация үшін - Автор.) жоқ", - деді Досаев журналистердің сұрағына жауап беріп.
Ол Үкіметтің өткен отырысында долларсыздандыру жөніндегі жаңа жоспар қабылданғанын атап өтті. "Теңге толыққанды ұлттық валюта болуы үшін осы шеңберде бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Досаев.
Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, экономиканың 1,5 пайыздық өсіміне қарай өнеркәсіп осы жылы 0,30 пайызға және қызмет көрсету саласы 2,2 пайызға қысқарады деген болжам бар.
"Біздің кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін біз екі бөлікке бөлеміз: жаңартылған, шығынын қысқартқан, өзіндік құнын түсірген және өндірісін ұлғайтқан кәсіпорындар - олар бәсекеге қабілетті болып қала береді. Бүгінгі жағдай мынандай, біз мемлекет көмектеседі дейміз, бұл бұрыс тәсіл. Себебі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде бәсекелестік шайқас бұдан да қатал шеңберді қояды", - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов егер мұнай бағасы төмендей берсе, теңгені ауыстыру бағамында бірқалыпты өзгеріс болатынын, алайда қазіргі таңда мұндай алғышарттардың жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz