Атырау, 26 қараша 21:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпе жасалғаннан кейін 30 адам ауруханаға түсті, екпе уақытша тоқтатылды

2 612 просмотра

Фото: todaynews.kzФото: todaynews.kzАқтау. 19 ақпан. ҚазТАГ – Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпе жасалғаннан кейін 30 адам ауруханаға түсті, екпе уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Валерий Нейзер.

«Қазір (қызылшаға қарсы – ҚазТАГ) екпені уақытша тоқтаттық. Тексеру жүргізілуде. Ақтауда ондай жағдай (екпе жасалғаннан кейін ауруханаға түсу – ҚазАГ) байқалып жатқан жоқ», - деді В.Нейзер бейсенбіде.

Ол екпе жасалғаннан кейін ауруханаға 30 адамның түскенін растады, олардың ішінде 15-19 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер бар.

«Иә, 15-19 жас аралығындағы 30 оқушы мен студент ауруханаға түсті. Қызылшаға қарсы жоспарлы екпе жүргізілген еді. Бір қыз балада тіпті ауыр болды, себебі ол бұған дейін ауырған екен», - деп түсіндірді В.Нейзер.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауруханадағылардың барлығы жазылып шыққан. Бұл ретте ол ауруханаға түскендердің біразының қыз балалар екенін айтты.

Еске салсақ, ақпан айының басында Қарағанды облысында қызылшаға қарсы екпе жасалғаннан кейін ауруханаға Теміртау медициналық колледжінің 18 студенті келіп түскен. Барлығы колледждің 178 оқушысына екпе жасалған. Кейін «медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті түрде атқармауы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 ақпан 2015, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.