Фото: Қазақстан Парламентінің СенатыАСТАНА, 19 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан парламенті сенатының депутаттары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы мәселені қарауды сұрап, үндеу жолдады.
"Уақыттың өзі талап етіп отырған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болды, қазақстандық қоғамда оң пікірлер қалыптастырды. Халықаралық шиеленістің артып отырған жағдайында жаһандық экономикада дағдарыс құбылыстары күшейе түскен уақытта ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдау туралы Қазақстан президентіне үндеу жолдауды ұсынамын", - деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбідегі жалпы отырысы барысында.
Ол, Қазақстан парламентінің сенаты ҚХА Кеңесінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайтынын атап өтті.
"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдап, кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз", - деп қосты Тоқаев.
Дереккөз: newskaz.kz