Атырау, 26 қараша 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Францияның кассациялық соты Әбіләзовті экстрадициялау туралы шешімін 4 наурызда жариялайды

2 206 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА, 19 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Францияның кассациялық соты  миллиардтаған долларға қатысты қаржылық бұзушылық жасады деп айыпталған қазақстандық БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовті экстрадициялау туралы шешімді 4 наурызда шығарады, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Кассациялық сотта істі қарау кезінде прокурор қорғаудың шағымын қабылдамай тастап, Әбіләзовті экстрадициялауға рұқсат етуді сұрады.

Егер олигархты экстрадициялау туралы шешім қабылданса, Бесінші республиканың премьер-министрі Әбіләзовті елдердің бірінің әділет органдарына беру туралы қаулығы қол қоюға тиіс. Бұл шешімге қатысты Францияның Мемлекеттік кеңесіне шағымдануға болады.

Мұхтар Әбіләзов 2013 жылы Францияда қолға түскен болатын. Енді үш бірдей мемлекет қашқын олигархты экстрадициялауға таласып жатыр. Алаяқ банкирді қай мемлекетке тапсыратынын Франция соты бүгін айтады. Одан кейін осы елдің премьер-министрі қаулы шығарып, Әблязовты үш елдің бірінің құзырлы орындарына табыстамақ. 

БТА Банкінен алты миллиард доллар соммасына  активтерді жымқыруға қатысы бар деп айыпталып отырған  Мұхтар Әбілязовті 2013 жылғы 31 шілдеде Ниццадағы үйінде жасырынып жатқан жерінен Францияның арнайы күштері ұстады. Әбіләзов жетекшіілік еткен БТА Банкінің шотында 15 миллиардтан астам қаржының кем шыққаны белгілі болғаннан кейін, 2009 жылдан бастап Қазақстан сот органдарынан жасырынып жүрді. М.Әбіләзов осы қаржыны жымқырды деп айыпталды.  Қазіргі таңда оған Қазақстанда айлакерлік және астыртын әрекет жасаумен БТА Банкінің қаржысын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топты құру және ақшаны жылыстату фактілері бойынша оған айып тағылған. 2009 жылдың наурыз айында Әбіләзовті қамауға алу жөнінде халықаралық ордер берілді.

Дереккөз: newskaz.kz

19 ақпан 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.