Атырау, 4 қазан 20:25
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ұлттық банк теңге бағамының өзгерістері туралы алдын ала хабарлап отыруға уәде берді

2 256 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) теңге бағамының өзгерістері туралы алдын ала хабарлап отыруға уәде береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

Оның айтуынша, Ұлттық банк саясаты теңгенің күрт құлдырап, «терең» девальвацияға ұшырауына жол бермейді. ҰБ неғұрлым оңтайлы айырбас бағамын ұстанып отырады. Дегенмен, ҰБ төрағасының айтуынша, бұл айырбас курсы тұрақты болады деген сөз емес.

«Теңге бағамын біртіндеп реттеп отырмасақ, тағы да девальвациялық өсім жинала береді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, теңге бағамы 2014 жылдан бері 180 мен 184 теңге аралығында құбылып отырды. Ал бүгін 1 долларға шаққанда 185 теңгеге жетті. Бұл қазіргі ішкі және сыртқы макроэкономикалық жағдайға толық төтеп бере алатын бағам деуге болады. Сондықтан, біз орта мерзімді кезеңде неғұрлым ыңғайлы баға қалыптастыру саясатына көшеміз. Кез келген мұндай ауысу алдын ала хабарланатын болады. Осылайша нарық субъектілері мән-жайды біліп отырады», - деп түсіндірді Қ. Келімбетов.\

Дереккөз: inform.kz

12 ақпан 2015, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.