Атырау, 26 қараша 19:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Эйр Астана" өз жолаушыларының орын ауыстыруына тыйым салады

1 784 просмотра

Фото: airastana.comФото: airastana.comҚауіпсіздік шарасын күшейту үшін "Эйр Астана" әуе компаниясы жолаушыларына орын ауыстыруға тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның корпоративтік байланыс департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мұндай тыйымның салынуына түнгі рейсте жолаушылардың қол жүгінен ақшаның ұрлануы себеп болды.

Полицияға Алматы қаласы тұрғынының "Эйр Астананың" Бейжің - Алматы рейсінде ақшасы мен екі телефонының ұрланғанын айтып арызданғаны бұған дейін хабарланған болатын. Қазақстан Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, 2015 жылы 10 ақпанда Алматы әуежайында тиісті тексеру жұмыстарынан кейін екі шетелдік жолаушы ұсталып, транзиттік аймақтан шығарылды. Олардан ұрланған телефондар мен ақша табылды. Сонымен қатар, әуе компаниясы жолаушылардың қараңғыда багажды шатастырып алуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қазіргі таңда тергеу тобы ұсталғандардың жолаушылардың қол жүгіне байланысты ашылмаған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. "Қауіпсіздік шарасын күшейту үшін жолсеріктер түнгі рейстерде аса қырағы болып және жолаушылардың басқа орындарға ауысуына жол бермеу туралы нұсқамадан өтті", - деп хабарлады "Эйр Астана" қызметкерлері.

Сонымен қатар, "Эйр Астана" акционерлік қоғамы жүк тасымалдау тәртібі туралы түсіндіріп берді. "ҚР Әуе жолы көлігінде багаж бен жүкті және жолаушыларды тасымалдау ережесіне (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 13 желтоқсан күнгі № 1522 қаулысына) сәйкес, тіркелмеген багаж (қол жүгі) жолаушыда қалады және ұшу барысында толықтай оның жауапкершілігінде болады", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 ақпан 2015, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.