Атырау, 4 қазан 20:28
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

3 095 просмотра

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

"Болашақ" бағдарламасы қысқартылмайды. Жаңа бюджет қарастырылатын болады. Біз мақсатты дайындық жөнінде ұсыныс енгіземіз, яғни нақты кәсіпорындар үшін. Сондай-ақ машықтану бағдарламасы шеңберінде біз Қазақстанда тілді оқыту мүмкіндігін қарастырамыз. "Болашақ" бағдарламасына қатысушылар тіл курстарынан елде өтетіндіктен ол бізге 1-2 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Сәрінжіпов министрліктегі алқа мәжілісі алдында.

Оның айтуынша, бұл мақсаттар үшін орталықтар арнайы ашылатын болады. "Біз халықаралық серіктестермен бірге ол үшін арнайы орталықтар ашамыз. Қатысушыларына қаражат бөлуді қажет етпейтіндіктен ол арзан болады. Оның есебінен қаражатты үнемдей аламыз", - деді ҚР Білім және ғылым министрі.  

Дереккөз: tengrinews.kz

12 ақпан 2015, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.