Фото: primeminister.kzТеңге мен рубльдiң бұрынғы тепе-теңдiгiн қайтаруды ұсынуға еш негiз жоқ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында ҚР Ұлттық банкi төрағасы Қайрат Келiмбетов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Қазіргі таңда елiмiздегi көптеген кәсiпорындарды толғандырып отырған мәселе – бәсекеге қабiлеттілiк пен теңгенiң өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Бұған қатысты көптеген ұсыныстар түстi. Олар соңғы 6 ай бойы талқыланып келген едi. Оның iшiнде теңгенiң рубльге шаққандағы бұрынғы тепе-теңдiгiн қайтаруды ұсынғандар да болды. Бiздiңше, мұндай ұсыныс жасауға негiз жоқ», - дедi Келiмбетов.
Дереккөз: bnews.kz