Атырау, 26 қараша 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ахметовтің үй қамауында болу мерзімін ұзарту туралы өтініш 13 ақпанда қаралады - сот

2 409 просмотра

Фото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kzАСТАНА, 12 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің үй қамауында болу мерзімін ұзарту туралы өтініш 13 ақпанда қаралады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сотынан.

"Үй қамауына алу мерзімін ұзарту туралы өтініш түсті, сот оны ертең қарайды. Ахметовке айып әлі тағылған жоқ", - деді агенттікен әңгімелесуші телефонмен. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішев, М.Смағұлов, А.Эссе, Ғ.Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істер тергелуде. Тергеу істерінің аясында Серік Ахметов ұсталып, кейін оған айып тағылды.

Серік Ахметов 2009 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі қызметтерінде болған. 2014 жылдың 3 сәуірінен 22 қазанына дейін ҚР қорғаныс министрі қызметін атқарды.

Дереккөз: newskaz.kz

12 ақпан 2015, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.