Атырау, 26 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның Ұлттық банкі пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салуды ұсынады

2 200 просмотра

АСТАНА, 12 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Ұлттық банкі пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салуды ұсынады,  деп хабарлады бейсенбіде Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында ведомство басшысы Қайрат Келімбетов.

"Біз жүзеге асыратын ең ірі сатып алулар, мәселен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу қолма-қол ақшасыз іске асырылуы керек деп есептейміз. Бәрінен бұрын нақтылы бір есепшоттардан жүзеге асырылуы керек, сонда ғана біз салық органдарымен бірге көре аламыз. Біз мұнда аз мерзім ішінде тәртіп орнатамыз деп есептейміз", - деді ол.

Оның айтуына, бұл шешім көлеңкелі айналымды қысқарту бойынша қабылданған шаралардың бірі болады.

"Қазақстанда төлемнің 93 пайызы қолма-қол жасалады. Бұл кез келген экономикада да жағымсыз жағдай болады, себебі бұл төлемдердің ешқайсысынан салық ұсталмайды, көлеңкеде. Біз олар көбіне доллармен жүзеге асырылады деп есептейміз", - деді Ұлттық банк басшысы.

Дереккөз: newskaz.kz

12 ақпан 2015, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.