Атырау, 26 қараша 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда бұрынғы қаржы полицейлері қылмыстық топ құрамында болған

2 969 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZҚаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы аумағында ұзақ уақыттан бері мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының атын жамылып заңға қарсы әрекет еткен, жалған кәсіпорын ашып ақша табумен айналысқан, құрамында қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері бар ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі және 215-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері мен оның басшысының және оларға қолдау көрсеткен қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері анықталды.

"Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері мен компания кеңселерін тінту барысында түрлі компанияның 70-тен аса мөрі, 96 мың 140 фунт стерлинг қолма-қол ақша, 598 мың доллар мен жылжымайтын мүлікті иеленуге құқық беретін құжаттар тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұйымдасқан қылмыс топ мүшелері 20-дан аса жалған кәсіпорын ашқан, олардың 2012 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың желтоқсан айына дейінгі ақша айналымы 60 миллиард теңгеден асқан, олар бюджетке салық төлемей 14 миллиард теңге шығын келтірді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 мүшесі қазіргі таңда Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр, олар: Ильин, Федотов, Баудинов, Кәрімов, Зубарев, Әбдиев, Есенжанов, Шәукеров. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 ақпан 2015, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.