Атырау, 22 желтоқсан 19:53
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Енді өз энергиямыз бар

3 428 просмотра

23 желтоқсанда облыс әкімі салтанатты түрде Атырау ЖЭО-ның 4-ші кезегін іске қосты.

4-ші кезек сағатына өнімділігі 440 тонна бу шығаратын 2 қазандық және қуаттылығы 75 мегаватт болатын 3 турбоагрегатты білдіреді. Бұл ЖЭО қуаттылығын төрттен бір есеге дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Ал бұл жоғарғы режимде - 290 Мегаватт. Облысқа қыс жылы болса, мұншама энергия қажет емес. Алайда жазғы аптапта токты тұтыну әлденеше рет артып, оны Ресей мен Маңғыстау облысынан сатып алуға тура келеді. ЖЭО-ның 4-ші кезегі іске қосылғаннан кейін таяу жылдардағы энергияның тапшылығы туралы мәселе шешімін тапты.

Жоба 3 жылдан тұратын 2 кезеңде жүзеге асырылды. ЖЭО оған өз қаржысынан 16,458 млрд. теңгесін жұмсады. Барлық 3 турбина Калугада дайындалған.

ЖЭО жұмысшылары Тұрланғали Шанаев, Владимир Чесноков, Табылды Қалыбаев, Владимир Еремеев, Василий Цой, Сұлтан Айталиев, Қанатқали Досықов, Владимир Кашаев, сондай-ақ мердігер ЖШС-дің басшылары Роман Чигринцев пен Сабырғали Жүнісқалиевтар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

29 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.