Атырау, 19 мамыр 08:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қызылорда облысында мұздың астына түсіп кеткен көлікте бес адам қаза таптты

1 725 просмотра

Қызылорда облысында мұздың астына түсіп кеткен көлікте бес адам қаза таптты, деп хабарлады  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"20 қаңтар сағат 13.51 шамасында  Қызылорда облысы Арал ауданының Аманөткел елді мекені маңында "УазФермер" автокөлігінде  Сырдария өзенінде мұз үстінен өтіп бара жатқан Арал ауданының тұрғындары суға батып кетті", - делінген баспасөз хабарламасында.

ТЖД-ның мәліметінше, қаза болғандардың арасында 1977, 1991, 1980, 1984 жылы туылған ауыл тұрғындары мен 1974 жылғы Қазалы ауданың тумасы бар.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдері 17.40-та "УазФермер" автокөлігі мен оған тиелген "Урал" маркалы мотоциклі және көлікте болған 5 адамның мәйітінің жағаға шығарылғанын хабарлады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 қаңтар 2015, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.