Атырау, 19 мамыр 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Апатқа ұшыраған Ан-2 осыдан 40 жыл бұрын шығарылған және 2015 жылдың маусым айына дейін ұшуға жіберілген

2 114 просмотра

Фото: vlast.kzФото: vlast.kzАстана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағы осыдан 40 жыл бұрын шығарылған және ағымдағы жылдың маусым айына дейін ұшуға жіберілген, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің инспекторларымен әуе кемесінің сертификатталған тексерісі 2014 жылдың маусымында өткізілген. Тексеріс қорытындылары бойынша әуе кемесіне кейінгі ұшуларға рұқсат берілді. АН-2 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2015 жылдың 10 маусымына дейін», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.

Әуе кемесінің шығарылған күні - 1973 ж. тамыздың 20-сы. Әуе кемесін пайдалану басынан атқарылған жұмыс көлемі 13080 сағат.

Аталып өткендей, компанияның авиациялық жұмыстар жүргізуі туралы сертификаты 2017 жылдың 26 желтоқсанына дейін жарамды. Әуе кемесінің меншік иесі - «OLIMP AIR» ӘК, ол Қарағандыда 2001 жылдан бастап жұмыс істейді және жеке тасымалмен айналысады. Оның артында 5 ұшақ тіркелген.

Сонымен қатар хабарланғандай, кеменің апатқа ұшырау себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссияны инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек басқарды. Оның құрамына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов, Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев, ҚР ІІМ, Жамбыл облысының әкімдігі және басқа мемлекеттік органдар өкілдері кірді.

Бұдан басқа, ІІМ мәліметі бойынша, ұшақтың апатқа ұшырау фактісі аясында Шу стансасындағы желілік полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 344 бабының 3 бөлімінде (қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті, қазіргі таңда ол Жамбыл облысы бойынша ҚР бас көлік прокуратурасының арнайы прокуратурасына берілді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылғы 20 қаңтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы "Шатыркөл" кен орны маңында «Балқаш-Шатыркөл» бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы құлаған болатын. Ұшақта 7 адам болған, соның ішінде 3-еуі экипаж мүшесі. Экипаждың барлығы және «Қазақмыс» корпорациясының барлық қызметкері қаза тапты. Компанияның тек бір қызметкері ғана аман қалған. Ол Шу қаласының ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыр халде жеткізілген еді. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайы қалыпты ауыр деп болжауда, есін жиған оның жағдайы бұдан да жақсаруы мүмкін деп отыр дәрігерлер.

Апаттық жағдай себебін үкіметтік комиссия тексеретін болады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

21 қаңтар 2015, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.