Атырау, 26 қараша 16:59
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Автокреслосы жоқ кеңестік көлік иелеріне айыппұл салынбайды

2 548 просмотра

Конструкциясы балаларға арналған автокреслоларды орнатуға мүмкіндік бермейтін кеңес заманындағы көліктердің иелеріне бала тасымалдамауға кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасовқа сілтеме жасап.

Балаларды тасымалдауда балаларға арналған бекіту құрылғыларын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша "Ақ жол" партиясының тыңдауында ҚР ІІД Әкімшілік полиция комитетінің өкілдерінен автомобильдің конструкциясы қосымша бекіту құрылғыларын орнатуға мүмкіндігі болмаса не істеу керектігі сұралды. "Балаларға арналған бекіту құрылғыларын көлік құралдарының конструкциясында қарастырылған жерінде қолдану керек. Егер қарастырылмаса, мұдай көлік құралдарынан бекіту құралы туралы талап етілмейді", - деді Сәдуақасов. Ол, сонымен қатар, мұндай көліктердің балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдаса айыппұл салынбайтынын нақтылап айтты.

"Мұндай көлік құралдарында балаларды тасымалдамауға ұсыныс жасалады, себебі бұл балалардың қауіпсіздігі туралы мәселе", - деді ол.

Еске сала кетейік, "Ақ жол" фракциясының мәжілісмендері Қазақстанда балаларға арналған автокреслолар туралы норманы бір жылға шегеруді, сонымен бірге, бұл түзетуді көрсетілген уақытта қайта қарауды және автокреслоларды тек 6 жасқа дейінгі балаларға ғана міндеттеуді, ал 6 мен 12 жас аралығындағы балалар үшін бұл норманы кеңес ретінде қалдыруды сұраған болатын.

Бұдан кейін жаңа жол қозғалысы ережесін Сенат депутаттары да сынады. "Парламент Ішкі істер министрлігіне жаңа жол қозғалысы ережесі мен "Жол қозғалысы туралы" заңды түсіндіруге алты ай берді, бірақ бұл уақытты өткізіп алды", - деп мәлімдеді Дулат Құсдәулетов.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 қаңтар 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.