"Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ" қылмыстық ісі бойынша сот үкіміне қарсы берілген барлық апелляцияларды Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы 2 ақпанда қарауға кіріседі.
Темір тордың ар жағындағы сотталушылардың көпшілігі жаза мерзімі мен мүлікті тәркілеу шараларын қолдану үкімдеріне қарсы шағымдар берді.
Адвокаттар қорғалушыларын кейбір тағылған баптар бойынша ақтауды немесе айыптарды анағұрлым жеңілдеу баптарға өзгертуді сұрайды. Мәселен, "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануды" "салғырттыққа" өзгерту жаза мерзімін азайтуға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, осы қылмыстық істің шеңберінде зардап шегушілер деп танылған тұлғаларға өтемақы сомасын талап етті.
Естеріңізге салсақ, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңгерлердің айтуынша, ол апелляциялық алқаның қаулысы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Түрлі бағалаулар бойынша, осындай көлемді іс бойынша апелляцияны қарау бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА