Атырау, 26 қараша 15:21
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев ҚР Ұлттық ұланы туралы заңға қол қойды

3 706 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл заң Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерін ішкі істер органдары жүйесіне кіретін Ұлттық ұланға қайта өзгерту туралы 2014 жылдың 21 сәуіріндегі жарлығын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ ол осы құрылым қызметінің қағидалары мен құқықтық негіздерін айқындайды, оның қызметіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланатын болады.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті сонымен бірге ҚР "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына да қол қойды. Бұл құжат тиісті заңнамаларды "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" жаңа Заңға сәйкестендіруге бағытталған.  

Дереккөз: Тengrinews.kz

12 қаңтар 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.