Атырау, 26 қараша 15:36
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда академик Мұхтар Әлиев көз жұмды

5 021 просмотра

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kzАлматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда 82 жасына қараған шағында академик Мұхтар Әлиев көз жұмды, деп хабарлады «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ бауыр хирургиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Манас Сейсембаев.

«Иә, бұл (М. Әлиевтің қайтыс болғаны – ҚазТАГ) шын. Шамасы, жасы үлкендіктен, жүрегі ауырады. Ол (М. Әлиев – ҚазТАГ) түнде ұйықтады да, оянбады», - деп хабарлады М. Сейсембаев дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

М. Сейсембаевтың айтуынша, М. Әлиевпен қоштасу 13 қаңтар күні 10.00-де Алматыдағы Ғылым Академиясында өтеді.

М. Әлиев осыған дейін Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі; А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ емханалық және эксперименттік хирургия ҒЗИ директоры; Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болды. 2001 жылдан бастап А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры болып келді.

М. Әлиев 770 ғылыми еңбектің авторы болып табылады, оның ішінде 45 монография, ғылыми-көпшілік және оқу кітапшалары, 127 өнертабыс куәлігі, КСРО және Қазақстан патенттері мен предпатенттері бар, 28 ғылыми еңбек жинақтарының бас редакторы болды.

М. Әлиев Халық Қаһарманы, екі мәрте ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Алматы қаласының құрметті азаматы атағына лайық болды.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 қаңтар 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.