Атырау, 26 желтоқсан 13:47
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Белгіден бұрын бастап кетті

3 354 просмотра

Облыстық әкімдікте еліміздің президентінің өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдумды өткізу үшін қол жинау асығыс түрде басталды.

Желтоқсанның 25-сі күні облыстық әкімдік басқармаларының барлық қызметкерлеріне әрбіреуі кем дегенде 400 қол жинасын деген бұйрықпен 20-30 бланкіден таратылды. Сол себепті демалыс күндері түрлі дәрежедегі мамандардың өздерінің барлық алыс-жақын туыстарының, достары мен таныстарының үйлеріне кіріп шығуларына тура келді. Ал жазылатын қағаздағы сұрақ былай келтіріліпті: «Сіз республикалық референдумда ҚР Бірінші Президенті – Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылдың 6-желтоқсанына дейін ұзартасыз ба?».

Және президенттің өкілеттігін ұзарту туралы референдумды өткізуге ынталы топ Орталық сайлау комиссиясында тіркеліп, енді азаматтардан қол жинауға кірісуге құқылы екендігі туралы ақпарат желтоқсанның 27-сі күні ғана пайда болды. Сол күні де Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ: «Қазақстанда еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды өткізу туралы бастаманы қолдауға азаматтардан қол жинау басталды» деп хабарлады.

Әр аймақ орташа алғанда кем дегенде 12,5 мың қол жинауға тиіс. Бірақ, біздің ертерек бастап кеткенімізге қарағанда, біздің шенеуніктер қайтадан жөнсіз тырмысып, қолды екі есе көп жинайтынын сеніммен айтуға болады.

Бір қызығы, референдумды қолдағандардың (депутаттар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен саясаткерлер) келтірген дәлелдерінің бірі – мемлекеттік бюджетті үнемдеу.

Соған қарағанда, елімізде дағдарыс артта қалды деп, статистика алдап отыр-ау.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.