Атырау, 26 қараша 15:35
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі бұрынғы басшысының ісін алдын ала тыңдау 12 қаңтарда өтеді

2 526 просмотра

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 12 қаңтарда өтеді. 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Әскери сотының бас маманы Мақпал Мағзұмова айтты.

Оның мәліметінше, жабық сот отырысы 12 қаңтарда сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық әскери сотында болады. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етеді.

Айта кетейік, Н. Жоламанов ҚР ҚК-нің 311-бабы, 5-бөлімі - пара алу және ҚР ҚК-ның 235-бабы, 3-бөлімі - бір немесе одан да көп қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару сияқты тармақтар бойынша айыпталып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 қаңтар 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.