Атырау, 26 қараша 15:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан халқының саны желтоқсанда 17,39 млн адамнан асып жығылды

2 903 просмотра

Фото: newskaz.ruФото: newskaz.ruАстана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан халқының саны 2014 жылдың 1 қаңтарында жыл басынан бері 1,4%-ға ұлғайып, 17 млн 397,2 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Жарияланған статмәліметтерде атап көрсетілгендей, қала халқының саны Қазақстанда 1,9%-ға артып, 9 млн 612,6 мың адамға дейін жеткен, ауыл халқы – 0,7%-ға өсіп, 7 млн 784,6 мың адамға.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 2014 жылдың басынан бері 1,9%-ға өскен - 2,785 млн адамға дейін жеткен, Алматы облысында – 1,5%-ға өсіп 2,014 млн адамға дейін, Маңғыстау облысында – 3%-ға өсіп 605,2 мың адамға дейін, Жамбыл облысында – 1,2%-ға өсіп 1,097 млн адамға дейін, Ақтөбе облысында – 1,6%-ға өсіп 821,6 мың адамға дейін, Қызылорда облысында – 1,7%-ға өсіп 752,1 мың адамға дейін, Атырау облысында – 2,2%-ға өсіп 580,4 мың адамға дейін, Қарағанды облысында – 0,6%-ға өсіп 1,378 млн адамға дейін жеткен.

Мұнымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының халық саны 2014 жылдың 11 айында 0,7%-ға төмендеп, 571,9 мың адамға жетті. Еске сала кетейік, соңғы жылдары бұл өңірді халық саны жөнінен Маңғыстау мен Атырау облыстары қуып жетті, және де СҚО елдегі халық саны ең аз облыс болып табылады. Осы ретте 2004 жылдың басында СҚО халқының саны 674,5 мың адамды құраған.

Жарияланған статмәліметтерде хабарланғандай, 2014 жылдың 11 айы ішінде Қазақстанда 368 920 адам туған, өлгені – 120 829, табиғи өсім 248 091 адамды құраған. Қаңтар-қарашада 147 309 неке мен 48 405 ажырасу тіркелген.

2014 жылдың 11 айында ішкі көші-қонның кері сальдосы көрініс берді – минус 11 684 адам (Қазақстанға 15 185 адам келсе, елден кеткені – 26 869 адам). Олардың ішінде қазақстанға ТМД елдерінен 13 423 адам келді, ТМД елдеріне кеткені – 24 247 адам; Қазақстанға басқа елдерден 1762 адам келді, кеткені – 2622 адам. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қаңтар 2015, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.