Фото: ИА Новости-КазахстанАстана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанның құқық қорғау органдары азаматтардың домалақ жүгінулерін қарамайтын болады, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының сотқа дейінгі қылмыстық процесс кезеңінің заңдылығын қадағалау департаментінің жетекшісі Әмірхан Аманбаев.
«Домалақ арыздар, хат-хабарлар тіркелмейтін болады», - деді Ә. Аманбаев дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол бұл жаңашылдықтың жаңа Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің аясында қарастырылып отырғанын түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, сондай-ақ домалақ хаттарды қарауға тыйым салатын «Азаматтардың жүгінулері туралы» іс басындағы заң да бар.
Департамент басшысы бұрындары домалақ хабарлардың тек жемқорлық, экстремистік және басқа да құқық бұзушылықтар құрамы болған жағдайда ғана тексерілгенін атап өтті.
Ә. Аманбаев 2015 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің іске қосылғанын еске салды.
Дереккөз: ҚазТАГ