Рублдің құлдырауына байланысты қазақстандық сатып алушылардың Ресейге жаппай ағылуы отандық автокөліктер бағасының арзандауына ықпал етті, деп хабарлайды «Время Востока».
Еліміздің Тәуелсіз автомобиль бизнесі одағының басқарма төрағасы Павел Кимнің пікірінше, 2015 жылдың алғашқы тоқсанында отандық нарықтағы автокөліктер қазақстандықтардың сұранысынан едәуір асып түседі. Ал бұл бағаны тағы да төмендетпек. Осылайша, ресми сатушылар бәсекелестікті сақтап қалу үшін өз тауарының құнын төмендетуге мәжбүр болады.
Сарапшы автокөліктерді шамадан тыс тасымалдау автобөлшектерге деген сұранысты да арттыратынын атап өтті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде бес ресейлік автозавод тоқтап қалған, жұмыс орындары қысқарып жатыр. Сондықтан қалыптасқан жағдайды анағұрлым жауапкершілікпен бағалау қажет.
Мемлекет пен автокөлік өндірушілер мұндай жағдай еліміздің автокөлік өнеркәсібінде қайталанбауы үшін кешенді шара қабылдауы тиіс.
Дереккөз: bnews.kz