Атырау, 26 қараша 15:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның шекара қызметінің экс-директоры Жоламановтың ісі бойынша Т300 млн-ның мүлкіне тыйым салынды

2 775 просмотра

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің экс-директоры Нұрлан Жоламановқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 300 млн. теңгеден астам соманың мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлады ҚР бас әскери прокуратурасынан.

«Қылмыстық істі тергеу барысында 300 млн. теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктеріне тыйым салынған», - делінген прокуратураның ресми сайтында жарияланған хабарда.

Әскери прокуратура еске салғандай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311 бабының 5 бөлігі (аса ірі көлемде пара алу) және 235 бабының 3 бөлігінде (өзінің қызметтік жағдайны пайдалан отырып, бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу) көрсетілген қылмыс белгілерімен айыпталған Шекара қызметінің бұрынғы Директоры Н.А.Жоламановқа және 2458 әскери бөлімінің командирі К.К.Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.

«Тергеу органымен Жоламанов және Балмағамбетов тауар және қызмет жеткізуге байланысты келісім-шарттарды жасау және орындау барысында коммерциялық кәсіпорындар өкілдерінің мүдделерін ұстанымды тықпалау жасағандығы, олардан ұйымдасқан топ болып, бопсалау арқылы аса ірі мөлшерде пара алғандықтары үшін айыпталады», - делінген хабарда.

Сондай-ақ 29 желтоқсанда Бас әскери прокуратурамен Жоламанов және Балмағамбетов сотқа тартылып, қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа жолданған.

ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің экс-директоры Н.Жоламанов ағымдағы жылдың 27 қазанында ұсталды.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 желтоқсан 2014, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.